Экономика

Жұрт мемлекет тік бағдарламалардың рәтін көруде

Жұрт мемлекет тік бағдарламалардың рәтін көруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беруі керектігін атап өткен еді. Президент: «Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады. Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады» деп бұл жұмыстың қаншалықты жауапты екенін аңғартты. Сонымен бірге басты құжатта, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бөлінген қаражат көлік, ауызсу және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеу жұмыстарына жұмсалатынын қадап айтты.

Жалпы, бүгінгі таңда біздің алға қойып отырған басты стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі дамыған 30 озық елдің қатарына қосылу. Ол үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ қазіргі таңда көлік-логистикасын және басқа да қызмет көрсету секторларын ілгерілету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керектігіне баса мән берілуде. Осының аясында өткен жылы облысымыздың автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден 14,8 миллиард теңге қаржы қаралған болатын. Бөлінген қаражат есебінен 606 километр автомобиль жолы мен ауылішілік көше жолдары орта және күрделі жөңдеуден өткізілді. Атап айтсақ, жаңа құрылыс – 16,2, қайта жаңғырту – 10,2, күрделі жөндеу – 30, орта жөндеу 550 километр жолдарға жүргізілген. Оның ішінде облыстық – 209,1, аудандық маңыздағы автомобиль жолдары – 191,4, елді мекен көшелері 206 километрді құрайды. Тараз қаласын айтатын болсақ, 138 көше мен бұрылыстарға жаңа асфальт жабыны төселген. Сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 45 жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы, 55 жоба «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асырылған. Бұдан бөлек, өткен жылы 3 ірі жобаны іске асыру қолға алынды. Атап айтсақ, ұзындығы 16,1 километрді құрайтын «Қырғыз Республикасы шекарасына Тараз қаласын оңтүстіктен айналма» автомобиль жолының құрылысы басталды. Сонымен қатар облыстық маңызы бар «Тараз – Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 километрлерін қайта жаңғырту, «Тараз – Жетібай – Тегістік – Ойық» автожолының 1,7-7 километрін қайта жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Соңғы екі нысан биылғы жылға өтпелі болса, бірінші жобаны 2021 жылы аяқтау көзделген. Жалпы, өткен жылы жүргізілген жол құрылыстарының есебінен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 85 процентке артып отыр. Биыл автомобиль жолдарын орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 10,5 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 4,6 миллиард теңгесін республикалық, 5,9 миллиард теңгесін облыстық бюджет құрайды. Бөлінген қаржы есебінен жергілікті маңызы бар жолдарда жаңа жол құрылысы – 18, қайта жаңғырту – 6,1, орта жөндеу 333,6 километр автомобиль жолдарында жүргізіледі. Оның ішінде облыстық – 209,1, аудандық маңызы бар автомобиль жолы – 191,4, елді мекен көшелері 52,74 километрді құрайды. Сондай-ақ биыл жол жөндеуге қатысты 61 жобаның 23-і «Нұрлы жол» бағдарламасы, 21-і «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асырылатын болады. Осының есебінен биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдардың үлесін 85-тен 90 процентке жеткізу межеленген. Бұдан бөлек, Тараз қаласы көшелерін жөндеу үшін облыстық және қала бюджеттерінен 50/50 процент паритетімен қаржыландыруға 1,1 миллиард теңгеге 34,6 километр көше жолын орта жөндеуден өткізу жоспарлануда. Бұл жобалар Тайвань, Шалғай Қарасу, темір жолдың арғы жағын және орталық көшелерді қамти отырып, қоғамдық көлік қатынайтын, әлеуметтік нысандар орналасқан (мектеп, балабақша, денсаулық сақтау нысандары) көше жолдарын қалпына келтіруді қамтитын болады. Былтыр атқарылған жұмыстардың арқасында төмендегі бағдарлама аясында келесі индикаторларға қол жеткізілді. Атап айтсақ, «Тұрғындарының саны 100 адамнан асатын елді мекендердің тұрақты автобус бағыттарымен қамтылуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша өткен жылы – 96, «Белгіленген стандарттарға сәйкес келетін автовокзалдар мен автостансалардың үлесі» – 90, «Тұрақты жолаушылар бағыттарындағы тозған автобустар үлесін қысқарту» 47,9 процентке орындалды. Өңірімізде жолаушы тасымалымен 29 жеке кәсіпкер ұзақ жылдан бері тұрақты айналысуда. Олардың еншісіндегі 1329 автобус 202 бағытта халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушылар соңғы жылдары автобус парктерін жаңартуға елеулі көңіл бөліп келеді. Бүгінде адам тасымалымен айналысатын автобустың 690-нының пайдалану мерзімі 7 жылдан жоғары. 2018 жылы – 71, 2019 жылы 70 жаңа автобус сатып алынған. «Такси тасымалдаушылары санының ұлғаюы» туралы облысқа меже қойылмағанымен оны 1560 мекеме орындауда. Бағдарламада 2019 жылы тұрғындар саны 100 адамнан асатын елді мекендерді қоғамдық көлік қатынасымен 96 процентке қамту көзделген. Облыс бойынша тұрғындар саны 100 адамнан асатын 355 елді мекеннің 341-і, яғни 96 проценті автобуспен қамтылып, тапсырма орындалған. Бұдан бөлек, облысымызда 1 автовокзал, 10 автостанса және 7 жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылып, олар 80-нен астам бағытта халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 1 автовокзал, 3 автостанса және 2 пункт Тараз қаласында салынды. Ал 6 автостанса Мойынқұм, Байзақ, Сарысу, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, 5 жолаушыларға қызмет көрсету пункті Жамбыл, Талас, Шу, Жуалы және Қордай аудандарында орналасқан. Қазіргі таңда қаламыздағы қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесін енгізу бойынша 7 компания қаржылық ұсыныстарын берді. Соның ішінде, «Орталық диспетчерлік қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиімді шарттар ұсынып отыр (Қаржыландыруды толық қайтару мерзімі – 3 жыл, яғни жылына қайтарым үлесі 5 пайыз, өзге компаниялар 10 пайыз ұсынып отыр). Бұл серіктестік ұсынып отырған құрылғылар мен оны орнатуға кәсіпкерлер тарапынан төрт жақты өзара ынтымақтастық меморандумы әзірленді. Қалалық жолаушы бағыттарындағы тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктердің жүру кестесін, жылдамдықтың сақталуын бақылап отыру үшін автобустардың барлығына навигациялық бақылау жүйесі (GPS) енгізілген. Сондай-ақ тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық автобустың бағыттарын бақылап отыруға арналған «Taraz-bus» мобильдік қосымшасы іске қосылды.

Бақытжан ЖӘНІБЕКОВ, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.