Жаңалықтар

97 жастағы әжей интернет "жұлдызына" айналды

97 жастағы әжей интернет "жұлдызына" айналды

97 жастағы кубалық әжей жергілікті тұрғындарды биімен таңғалдырды. Кейуана егде жасына қарамастан, ерік-жігерінің мықты екендігін дәлелдеді.

Кубалық әжей қала көшелерінің бірінде бар өнерін ортаға салып тұр. Жасы келсе де бойындағы күш-қуаты сарқылмаған кейуана тамаша биімен жұртшылықтың көңілін көтеруде.

Егде жастағы азаматша қазір интернет "жұлдызына" айналды. Бейнежазбаны көрген мыңдаған адам әжейдің өнеріне тәнті екендерін жеткізді.

Ақпарат көзі: www.nur.kz