Саясат

Студент терді жатақханамен қамтамасыз ету басты назарда

Студент терді жатақханамен қамтамасыз ету басты назарда

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Париялық бақылау комиссиясы отырысында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстарының және партияның саяси Доктринасы талаптарын іске асыру мақсатында 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына» жергілікті тұрғындардан түскен өтініштердің барысы қаралды.

Жиынға Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, жоғары оқу орындарының басшылары мен колледж директорлары, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары және басқа да тиісті мекеме өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек хабарлама жасады. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінен құрылған жұмысшы топ облыс орталығындағы оқу орындарының жатақханаларымен танысқан екен. Ондағы мән-жайды зерделей келе жоғары оқу орындарының басшылары мен облыстық білім басқармасы тарапынан қажетті жұмыстарды жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді. Олардың қатарында алдағы бес жылға студенттерді жатақханалардағы қажетті орындармен қамтамасыз ету мақсатында болжамдық талдау жұмыстарын жүргізу арқылы жатақханалардағы орындардың қолжетімділігін арттыру және оны іске асыру үшін кешенді жоспар әзірлеу, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жеделдетіп шешу тетіктерін қарастыру, тағы басқа. Бұл мақсатта мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидасы бойынша өзара байланыс жолдарын ойластыру және жергілікті кәсіпкерлер тарапынан мақсатты инвестиция тарту, студенттерді жатақханаға орналастыру барысында бірінші кезекте әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан және алыс-жақын шет мемлекеттерден келгендерге айрықша назар аудару керек. Хабарламашының сөзінен соң өңірдегі жоғары және арнаулы орта білім беру мекемелерінің басшылары өздері басқарып отырған білім ұясындағы ахуалдарға қатысты есеп берді. Ал күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова хабарлама жасады. Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер жиында толық қаралып, қаулы қабылданды.

Маржан Рақай