- Advertisement -

Қайырымды қаладан – қайырымды қоғамға

167

- Advertisement -

алматыда әл-фарабидың 1150 жылдығы салтанатты түрде ашылды

29 қаңтар күні Алматыда «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы салтанатты түрде бастау алды. Биыл ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық ауқымда аталып өтетін ғалымның мерейтойы әлемнің әр қиырынан келген мәртебелі қонақтардың басын қосты.

Айтулы шараға дүние жүзінде әл-Фарабидың атын иеленіп отырған жалғыз университет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйытқы болды. Сонымен қатар Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойының басталуына орай Әл-Фараби орталығы-кітапханасы ашылды.
Cалтанатты жиында Мем­лекет­тік хатшы Қырымбек Көшер­баев ғұлама ғалым кезінде жауап беруге тырысқан – қайырымды қоғам, бақыт, адамның жетілуі тура­лы мәселелер қазіргі заман үшін де аса өзекті екенін тарата отырып, биыл Үкіметтің, ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО халықаралық ұйымда­ры­ның қолдауымен түрлі елдер­дің ғалымдары Нұр-Сұлтан қала­сында, әл-Фарабидың отаны – Түркістан облысында және Парижде өтетін ірі халықаралық конференцияларда бас қосып, ұлы ойшылдың мұрасы жөнінде ой бөлісетінін айтты.
«Ғылыми-сараптамалық іс-шара­лар сондай-ақ Түркия, Иордания, Италия, Қытай, Мысыр, Болгария және басқа да елдерде өтеді.
Бүгінде әлемнің жетекші универ­ситеттерінде 12 орталық, ал Ыс­тамбұл мен Делиде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті ашқан мұражай-үйлер бар. Келешекте Конфуций институттары немесе Гете институттарының ғаламдық желілері секілді Әл-Фараби орталықтары да кеңейе бермек. Жақында «Әл-Фараби ізімен» атты ғылыми экспедиция жұмысын бастайды. Барлық іс-шара ғылымға және білімнің дамуына лайықты ықпал етеді деп сенеміз», деді Мемлекеттік хатшы.
Мемлекеттік хатшы мәлім­де­ген­дей, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемдік талаптарға сай әл-Фараби ғы­лыми-технологиялық алқабы құ­рылмақ. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының қолдауымен жүзеге асатын бұл жоба озық технологиялар мен инновацияларды дамыту орталығына айналады деп жос­парланып отыр.
Қырымбек Көшербаев әл-Фа­­ра­бидың қайырымды қоғам ту­ралы идеяларына негіздел­ген тағы бір жаңа жобаны атай келе, бұл бастамалар жастардың рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бағыт­талаты­нына тоқталды.
– Әл-Фарабидың отаны Оты­рар – Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның киелі мекені. Бүгінде облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан аймағы күллі түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамып келеді. 1150 жылдықты мерекелеу аясында Түркістан облысында әл-Фараби мұрасын қайта жаңғырту және Отырар қаласын туристік кластер ретінде қайта қалпына келтіруге арналған іс-шаралар жүзеге асатын болады. Дамаск қаласындағы Әл-Фараби мәдени-тарихи орталығы мен музей-үйін жетілдіру мәселесі қолға алынады. Сол орталықтың негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы құрылады. Филиалдың қызметі әлемдік қауымдастықта ел мүддесін алға қойып, беделін арттыруға септеседі.
Мерейтой аясында дана ойшылдың еңбектерін аудару, әл-Фараби энциклопедиясын шығару, ғұлама ғалым туралы деректі фильм және өмірбаяндық сериал түсіру, театрларда Ш.Құсайыновтың «Әл-Фараби» тарихи драмасын қою, тағы басқа шаралар қарастырылған, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support