Елдар БОРАНБЕК
Елдар БОРАНБЕК
Ол кез Бірге қанат қағып едік арманға, Бөлісетін байыбымен жоспарын. Өміріміз өгейсіреп қалған ба? Өздеріңді сағындым ғой достарым. Ортақ болған мақсат, қиял, болашақ, Ортақ еді жүрген жолдар біздерге. Қыздырғанда қаймана жұрт келе сап, Қызығатын біздер ойнап-күлгенде. Жалын оты жететіндей баршаға, Жас білімгер біле-білсең жақсы адам. Қалтасында он теңгесі қалса да, Қайыршыға бес тиынын тастаған. Төрт мезгілдей зымыраған төрт жылым, Төріне көп шығарыпты байқадым. Өнер десе басылмаған өрттігім, Өлеңіммен ортаны көп шайқадым. Шіркін, уақыт, көктем еді дүрмекті, Шарықтаған студенттік кезіңнің. Қарап тұрып архивтегі суретті, Қайта оралып келмесін мен сезіндім. Сен және мен Саған қарап тұратындай бар əлем, Бағаласаң сенен бақыт табар ем. Сен Бақша болсаң адам аяғы баспаған, Мен Жемісіңнің күзетінде қалар ем. Жаратылған жаны нұрдан маралым, Жəудіреген жалындап тұр жанарың. Сен Гүл болсаң бəйшешектей тым нəзік Мен Жауын болып тамырыңа тамамын. Жақсылыққа бағыттаған жүрісін, Жандар болсақ күн кешкен бір-бірі үшін. Сен Жүрек болсаң ізгілік деп соғатын, Мен Болайыншы тоқтағанша – тынысың. Көрігіңе көз тоймаған қылықтым, Келбетіңнен кереметтей сыр ұқтым. Мен Лағылдай тазалықты байқадым, Сен өйткені тым ерекше тұнықсың. Өн бойыңда сыпайылық сəн құрған, Болмысыңа сұқтанады əрбір жан. Сен де, мен де махаббаттың фəниде, Мəңгілігін тілейік тек тағдырдан! Ауылға... Арманын іздеп аттанған, Алысқа талай ұлдарың. Солармен бірге қап қойған, Ауылда мен де тұрмадым. Қаладан қамдап тірлікті, Қарбаласына бой ұрдым. Жасырып қайтем шындықты, Жасандылыққа тойындым. Мәрттігі бөлек қауымды, Сағынып тарттым ауылға. Көрмедім бірақ шаңымды, Өзгерген екен ауыл да. Өзгеше өңді жанұялар, Өзгеріп кеткен түр мүлде. Арқамнан қаққан қариялар, Азайып қапты бұл күнде. Терезесіне жан-жақтан, Темірден түйіп тор салған. Мен аттап өткен шарбақтар, Биік дуалмен қоршалған. Табасы менен тостағын, Тастаған жеңге сүйікті бір. Есек міңгескен достарым, Темір тұлпармен жүйткіп жүр. Жол тосып ұзақ күзеткен, Жырақтап мейлі кетсек те. Талай ақынды түлеткен, Тозып кетіпті мектеп те. Жетіліп жатыр талай дүр, Ауылдан ұзап алыста. Сағынбағаны қалай бұл?.. Күтіп жүр бауыр, таныс та. Сағынған білем, ауыл да, Түсіме жиі енеді. Құлаққа келер дауыл да, Жылқының кісінегені. Баласын күткен даланың, Құмына тұрам құмартып. Тыныштығынан қаланың, Ауылдың шуы мың артық.