- Advertisement -

Әлеуметтік көмек пен жәрдемақы төлеуде салғырт тық болмасын

62

- Advertisement -

Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен жиында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов баяндама жасап, биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің және жәрдемақы төлеудің жаңа тәртіптеріне кеңінен тоқталды. Басқарма басшысының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы 1-ден 6 жасқа дейінгі 18343 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. Бүгінде әр отбасыға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті жеткізу алгоритмі нақтыланып, көп балалы 31214 отбасыға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлене бастаған. Алдағы уақытта аталған көмек аудан, ауылдарға «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы арқылы жеткізілмек. Өз кезегінде облыс әкімі Асқар Исабекұлы кепілдендірілген әлеуметтік пакетке енетін азық-түліктерді сатып алуда көп балалы отбасылардың өкілдерін қатыстыру қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелермен айналысатын қоғамдық бірлестік өкілдерін де осы шараға тарту жөнінде ережеге қосу керектігін ескертіп, кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тұрғындарға жеткізуде салғырттыққа жол бермей, жүйе жүргізу керектігін де қадап айтты. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің және жәрдемақы төлеудің жаңа тәртіптерін тұрғындарға түсіндіруге аудан әкімдіктері мен ауылдық әкімдіктің жауапты қызметкерлері тартылады. Алдағы уақытта осы бағытта жауапты мамандарға арнайы әдістемелік құралдар әзірленбек. Сөйтіп сала мамандарынан құрылған арнайы топ атаулы әлеуметтік көмек алушылармен тікелей жұмыс істейтін болады. Себебі халыққа дұрыс ақпарат таратылмағаннан кейін түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға дұрыс ақпарат жеткізе білу де өте маңызды.
Жиында Асқар Исабекұлы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелерін жұмысқа тарту мәселесіне баса мән беріп, оларға аталған басқарма арқылы жұмыс ұсыну қажеттігін жеткізді. Сонда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азаймақ. Осылай «екі қолға бір күрек» тапқан мүшелері бар отбасы кедейшілік деңгейінен шығады. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу керектігін ескертті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support