- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайдағы «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесі қалашығына барды

69

- Advertisement -


Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайдағы «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесі қалашығына барды

ДУБАЙ. ҚазАқпарат — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайдағы «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесі қалашығына барды. Көрме осы жылдың қазан айында ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы қазақстандық павильонның құрылысы барысымен танысты. Араб тарабы мәртебелі мейманға болашақ көрменің шағын таныстырылымын өткізді.

«Дубай ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесі «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» тақырыбымен 20 қазан мен 10 сәуір аралығында өтеді. Көрмеге шамамен 20 млн адамның келетіндігі күтіледі. Біздің павильон «Мүмкіншілік» тақырыптық кластерінде орналасқан. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің павильонына тақау тұр«, — деді «ЭКСПО-2017« Ұлттық компаниясы Халықаралық қатынастар департаментінің бастығы Нұрбек Ергешбаев.

Сонымен қатар ол Қазақстан 2008 жылдан бері «ЭКСПО« халықаралық көрмесіне қатысып келе жатқандығын айтты.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support