- Advertisement -

Украинада бір коронавирус жұқтырған адам тіркелді

69

- Advertisement -

Киев бұл деректі растады.

Сурет : ВВС27 Қаңтар 2020, 16:57

Украинаның астанасы Киевте коронавирус жұқтырған бір науқас анықталып, бұл дерек расталды, деп хабарлайды Lenta.ru.

«Украина денсаулық сақтау министрлігінің Киев қалалық зертханалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің зерттеуі осындай нәтиже көрсетті.

Бұған дейін Ресейде жұқпалы аурудың белгілері бар 100-ден астам адам тексерілгендігі туралы хабарланған болатын. Олардың ешқайсысынан коронавирус табылған жоқ.

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80 адамға жетті, олардың барлығы Қытай азаматтары. Ал бұл вирус 2,7 мыңнан астам адамнан тіркелген. Қытайдан басқа Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және АҚШ-та жұқтыру оқиғалары тіркелді.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support