- Advertisement -

Масаны жоятын лазерлік аппарат жасалды

120

- Advertisement -

Израилдік ғалымдар Лас-Вегас қаласында жыл сайын өтетін цифрлы және тұрмыстық техникаларға арналған Consumer Electronics Show (CES 2020) көрмесінде лазерлік сәулемен масаны табатын әрі жоятын құрылғыны көпшілік назарына ұсынды.
Бұл туралы «New Atlas» ақпарат көзі хабар таратты. Сөз болып отырған «Bzigo» құрылғысы HD-инфрақызыл камерасы арқылы жуыр маңда ұшып жүрген жәндікті таба алады. «Bzigo»-ның келесі нұсқасы лазер сәулесімен масаның көзін жоятындай етіп жасалады деп кепілдік беріп отыр.
Аталған құрылғының бағасы 169 доллар тұрады. Келесі жылы нарыққа сатылымға шығарылмақ. Бұл жаңалық енді ғана пайда болып отырған жоқ. Осыдан он жыл бұрын Нейтан Михрволд (Nathan Myhrvold) атты өнертапқыш лазер сәулесінің көмегімен масаны ұшып жүрген жерінде тауып, жойып жіберетін «Death Star» лазерлік қару ойлап тапқан болатын. Оның айтуынша, Африкада зиянкес жәндіктен жұғатын безгек ауруынан әрбір 43 секунд сайын бір бала көз жұмады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support