Саясат

Тұрғындарды қайта қоныстандыруға дайын

Тұрғындарды қайта қоныстандыруға дайын

 width=

Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен «Мыңбұлақ» шағын ауданына атбасын бұрған аймақ басшысы ондағы №62 көп қабатты тұрғын үйдің жағдайымен танысты.

Өткен жылдың ақпан айында газ жарылу салдарынан аталған тұрғын үйдің екінші, үшінші кіреберістері қираған болатын. Жарылыс зардабын зерделеу нәтижесінде ондағы 30 пәтер қоныстануға жарамсыз деп танылып, 23 отбасы «Бәйтерек» шағын ауданындағы №26 үйге қоныстандырылса, 5 отбасы туыстарының үйіне орналасқан. Нысанның бұзылған бөлігін қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үй тұрғындардың қайта қоныстануына дайын. Бұдан соң Асқар Исабекұлы Тараз сервис және технология колледжіне барды. Колледждің 2-ші оқу ғимараты мен шеберханасы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі таңда оның жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Өңір басшысы ол бойынша тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын уақыт созбай бастап, құрылысты сапалы жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы «Даңқ» аллеясының жағдайын барлаған өңір басшысы оны толықтай қайта жаңғырту керектігіне көңіл бөлді. Саябақ алқаптағы халықтың игілігіне арналатынын жеткізіп, жаңғырту жұмыстары дер кезінде әрі сапалы атқарылу керектігін баса айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.