Жаһан

Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді. Сәйкес өкімге Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов қол қойды. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкімде.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz