- Advertisement -

АСЫЛ СӨЗДІҢ АТАСЫ

89

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды.
Президент бұл мақалада қазақ ұлтын, руханияты мен мәдениетін әлемге Абай арқылы таныту керектігін баса айтады. Сонымен қатар ақын мерейтойын лайықты атап өтудің бағыттары, жүйесі, жолдары нақты көрсетілген. Абайдың ел тарихы мен руханиятына өшпес із қалдырғаны баршамызға мәлім. Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасына, оның өзектілігіне, тағылымды тұстарына мән беріледі. Абай шығармаларының білім беру мен тәрбиелеу ісіндегі алатын орнына, тіл үйрену бағытына басымдық қойылған.
Мақала мазмұнын құрайтын айтулы іс-шараларға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі де белсенділік танытуда. Облыстық білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» тақырыбында облыстық колледжаралық Абай оқулары байқауын өткізу дәстүрге айналған.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өзіндік челленджге айналып, біздің колледж оқытушылары мен студенттері де оған зор қызығушылықпен қатысты.
Ғұламаның 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында өткізілетін іс-шаралар да халыққа кеңінен насихатталып, жастардың ғылым мен білімге, ізденушілікке қызығушылығын арттыратынына кәміл сенеміз.

Айдархан БИНАЗАРОВ,
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық
колледжінің директоры.

Тараз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support