Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Білім күнімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Білім күнімен құттықтады
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада Есілдің Сол жағалауында есігін ашқан №75 көпсалалы жаңа мектеп-гимназиясында барша Қазақстан халқын 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтады. «Қазақстан бойынша Тәуелсіздік жылдарында бір мың мектеп іске қосылды. Оның ішінде биыл 150 мектеп тапсырылатын болса, бүгін 62 мектеп есігін ашып отыр»,-деді Президент. Осы орайда Мемлекет басшысы бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың барлығы Қазақстанның кемел келешегі үшін іске асырылып жатқандығын қадап айтты. «Біздің елімізде 7600 мектепке 2 млн. 600 мың бала партаға отыратын болады. Ең қуантатыны - 1 қыркүйекте 300 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Олардың саны былтырмен салыстырғанда жетпіс мыңға артық. Бұған ерекше қуанамыз, себебі, бала туу көрсеткіші артуда, жастарымыздың халқымыздың саны өсіп келе жатыр. Бұл біздің алдымызда қойған мақсаттың біреуі, яғни «Қазақстан-2050» бағдарламасында осы мәселе қамтылған»,-деп атап өтті Н. Назарбаев. Сондықтан бүгінгі Білім күнімен барша Қазақстан халқын, барша оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды құттықтаймын. Жасөспірімдеріміз, жастарымыз бақытты болсын! Солардың бағы мен болашағы үшін біз 2050 жылға дейінгі бағдарламаны жасадық және ол бүгінгі мектеп жастарының бағдарламасы. Олар ер жетіп, мамандық алып, жұмыс істей бастаған кезде - нағыз сол бағдарламаның орындалу кезі болады. Оның жемісін жастарымыз көреді»,-деп түйді Елбасы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz