Адалдық – адамдық белгісі
Адалдық – адамдық белгісі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Тараз қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасөспірім тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытудың тиімді жолдары» атты семинар-практикум өткізді. Облыс орталығындағы орта оқу орындарының мұғалімдері мен оқушылары қатысқан семинар-сабақта адалдық ұғымына сай түрлі баяндамалар жасалып, пікірлер айтылды. Іс-шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев сыбайлас жемқорлық салдарынан орын алатын өкінішті жағдайларды, оның алдын алу шаралары мен әрбір азаматтың бойындағы жауапкершілік сезімін арттыру жайлы сөз етті. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айша Жолдасбекова білім мекемелерінде адал ұрпақ тәрбиелеу бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Оқушыларды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында тәжірибе алмасу, оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және олардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру мақсатында өткен жиында сан-алуан пікірлер айтылып соңы ашық пікір алмасуға ұласты.
Маржан Рақай