- Advertisement -

Облыс экономикасында оң серпін бар

49

- Advertisement -

Өткен 2019 жыл өңіріміз үшін жемісті болды. Оған экономиканың дамуындағы оң динамика, жылдық жоспардағыдан жоғары деңгейде күтіліп отырған көп көрсеткіштер дәлел. Осы және өзге де көрсеткіштер бүгін өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен селектрлік режімде өткен аппарат кеңесінде жан-жақты айтылды.Жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс әкімдігінің экономика және жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуына тоқталып өтті. 

Басқосуда 2020 жылдың жұмыс жоспарын әзірлеу барысы қаралып, аудан әкімдері мен басқарма басшыларының өткен жылы атқарған жұмыстарының есеп беру мерзімі пысықталды.
Сондай-ақ облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасының жүзеге асу барысы да баяндалды. Ол бойынша «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасы Нүркен Шәрбиев сөз алып, жобаның бес бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Өңір басшысы жобаның маңыздылығын алға тартып, барлық ұйымдастыру шараларын жедел әрі өз деңгейінде жүргізілу керектігін ескертті. Асқар Исабекұлы тұрғындардың тұрмысын арттыру үшін барлық тиімділіктер қарастырылған баянды бастаманың орындалуында ешқандай олқылыққа жол берілмеу қажет екенін баса айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық құжаттарды қабылдау шараларын 20 қаңтарға дейін толығымен аяқтауды тапсырды.
Бұл мәселелер облыс әкімінің тұрақты бақылауында болып, ол бойынша күнәра кеңес отырысы өткізіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support