- Advertisement -

Исламхан әлемдегі ең қымбат еркін агенттердің тізіміне енді

64

- Advertisement -

Исламхан әлемдегі ең қымбат еркін агенттердің тізіміне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бауыржан Исламхан Transfermarkt порталының бағалауы бойынша әлемдегі ең қымбат еркін агенттердің үздік ондығына (ТОП-10) енді, деп жазады Prosports.kz.

26 жастағы футболшы аталған тізімде үздік ондыққа енген жалғыз қазақстандық ойыншы. Оның трансфер нарығындағы құны 3 млн еурға бағаланған.

Бұл тізімде бағасы миллион еуродан жоғары тағы үш қазақстандық ойыншы бар. Роман Мурзатаев (2,5 млн), Виктор Дмитренко (1,2 млн) және Бауыржан Тұрысбек (1 млн) те клубсыз жүрген қымбат ойыншылардың қатарына қосылыпты.

Ал клубсыз жүрген әлемдегі ең қымбат ойыншы Бриан Фернандес пен Хатем Бен-Арфа екен. Екі ойыншы да 6 млн еуроға бағаланған. Үздік үштікті «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Вильфрид Бони (5,5 млн) түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Исламханның «Қайратпен» келісімшарты 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды. Бұған дейін БАҚ ресейлік «Локомотив» пен Польшаның «Лех» командаларының Бауыржанға қызығушылық білдіргені туралы хабарлаған болатын.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support