- Advertisement -

Жамбыл облысында «Әуендер әлемі» алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті

45

- Advertisement -

Нысан Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің маңында орналасқан. Аумағы 700 шаршы метрден асады. Бұған дейін қараусыз жатқан алаң маңындағы аллея қайта жаңғыртылып,  қалпына келтірілуде.

Айта кетейік, еліміздің  атын  әлемге  танытып  жүрген музыка өнері  қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттап,  өнегелі   өмір   жолын  бүгінгі   ұрпаққа  үлгі ету  мақсатында   ашылған  алаңның ортасына өнер иелерінің  құрметіне арналған стелла қойылған. Оның биіктігі – 6,5 метр. Стеланың айналасына  отыз тұғыр тас орнатылған. Оларға қойылған алпыс жұлдыз белгісіне еліміздің  мәдениетіне үлкен үлес қосқан тұлғалар мен өнер жұлдыздарының есімдері  жазылған.    Стелланың тұғырына Ж.Жабаев, Б.Шолақ, Ы.Дүкенұлы, К.Әзірбаевтың өнер туралы қанатты сөздері қашалып жазылған.

Нысанның ашылу салтанатында Қазақстанның және Қырғызстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаев сөз сөйлеп, кейінгі жылдардағы өңірдегі өркенді істер туралы айта келе, руханият пен мәдениет бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ ол ашылғалы отырған нысанның облыстан шыққан өнер адамдарына деген шексіз құрметтік белгісі екендігін марқая жеткізді. Шара барысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов  «Әуендер әлемі» алаңына есімдері  жазылған өнерпаздарға сертификаттар табыстап, өнер мен өмірде сәттілік тіледі.

– Берекелі өнерге тұнып тұрған өлке десем мен қателеспеймін. Енді бүгін міне игі істің үлкен шарасына келіп, мерейтойда жаңа ғана өздеріңіз куә болған азаматардың Кенен ата мен Асқар атамыздың ескеркішін аштық. Бүгін мінекей нұр үстіне нұр жауып жатыр. “Әуендер әлемі” туралы кішкене сөз айту мүмкін емес, бұл үлкен әңгіме. Бұл сонау Сауытбек ата, Балуан шолақ атадан бері қарай мынау өлкеде солардың жалғасы болып отырған әуен, ән әлеміндегі өзіміздің тұлғаларға қойылып жатқан ескерткіш, ағайын. Құтты болсын! Шын жүрегіммен ризамын. Көзі тірі кезінде бейнесін көріп, аттарын оқып отырған келешек ұрпақ сол Кенен, Асқар аталарына ұқсайтынына мен кәміл сенімдімін. Еліміз аман болсын. Өнер бар жерде қазақ бар. Қазақ бар жерде өнер бар, -деді Алтынбек Қоразбаев.

Жамбыл өңірі еліміздің өнер әлемінде қанатын кеңге жайған жайсаңдардан кенде емес.  Олар тек облысқа ғана емес, барша еліміздің мақтанышына да айналуда. Қазақ киноөнеріндегі айрықша тұлғалар Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, ән өнеріндегі азаматтар Илья Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Мэлс Өзбеков және тағы басқаларды айрықша атап айтуға болады. Бүгінде осы тұлғалардың ізің жалғап келе жатқан таланттар аз емес. Бұл алаң солардың өнеріне деген құрмет белгісі десек қателеспейміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support