- Advertisement -

Қырандай қос қанаттың серпілгені

58

- Advertisement -

Халықтың енді міне жетілгені,
Құрыштың білінбейді кетілгені.
Аталып Қазақстан ел боп туып,
Үй тігіп, ірге қалап бекілгені.
Елімді сансыз жылдар қоршап тұман
Өмірінде азап шегіп өкінгені.
Намысты жауымызға кетірмеді,
Секілді, темір тіреу көпірдегі.

Жарқырап тұла бойды шаттық кернеп,
Ажарым шырайланды бетімдегі.
Ағытқан бар арынын арғымақтай,
Қиырдан қия шауып лепіргені.
Сенімен туған елім біте қайнап,
Жан емен әңгіменің шетіндегі.
Сондықтан, бабаң Жамбыл әнге шырқап,
Қырандай қос қанат тың серпілгені.

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ,
Халық ақыны.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support