Қоғам

Тараз қаласын сумен жабдықтау жүйесі заман талабына сай

Тараз қаласын сумен жабдықтау жүйесі заман талабына сай

[gallery bgs_gallery_type="slider" bgs_gallery_image_size="small" ids="110811,110812,110813,110814"]

«Тараз су» МКК 365 мыңнан астам халқы бар қала тұрғындарына үздіксіз сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсына отырып, қаланы сумен жабдықтау үшін Талас-Аса жерасты суларын өндіреді. Қала халқының 88 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған, сондай-ақ 62 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Тараз қаласы еліміздің ауызсуын артезиан ұңғымаларынан тұтынатын жерасты суларымен қамтамасыз етілген қалалардың бірі.

Мамандардың пікірінше, Тараз қаласы жақын болашақта өзінің географиялық орналасуы мен жерасты су қабаттарының құрылымы арқасында сумен жабдықтала береді. Өйткені жерасты су қоры мен сапасы жағынан облысымыз елімізде көш бастап тұр. Мұнда тәулігіне 4,5 миллион текше метр су қоры бар 40 кен орны анықталды. Айта кетейік, 1959 жылы құрылған «Тараз су» МКК балансында 649 шақырым су құбыры және 295 километр кәріз желілері бар. Сондай-ақ кәсіпорында 11 жинақтау резервуары және 93 артезиан суларын көтеру ұңғымалары бар. Қала аумағында 43 жерасты ұңғымалары, қуаттылығы тәулігіне 111 мың текше метр болатын Құмшағал елді мекенінде 29 су ұңғымасы және Жалпақтөбе бас тоғанында 69 мың текше метр болатын 21 су ұңғымасы бар. Бүгінгі күні облыс орталығындағы су құбыры және кәріз жүйесінің тозығы 70 пайызды құрап отыр. Өйткені қаладағы су құбыры құрылыстары XX ғасырдың қарқынды құрылыс кезеңінде, сонау 60-70 жылдары салынған. Сондықтан мамандар 40 жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқан басты су тартқыштардың тез арада жөндеуді, жалпы жүйені жаңғыртуды талап етті. Қаланың қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесі объектілерін жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялардың жетіспеушілігінен қанағаттанарлықсыз жағдайда болды. Сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылмады. Аталған проблемаларды шешу үшін кәсіпорын Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкіне (ЕҚДБ) сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және дамыту үшін басым инвестициялар бағдарламасын кредиттік қаржыландыруды ұсыну үшін жүгінген болатын. «2015 жылы кәсіпорынның жағдайын және оның төлем қабілетін ұзақ талдағаннан кейін ЕҚДБ кәсіпорынмен «Тараз қаласын сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасын жүзеге асыру үшін 1,05 миллиард теңгеге несие шартына қол қойды. Сөйтіп, жобаны ҚР Үкіметі – 945 миллион және облыс әкімдігі 270,3 миллион теңгеге бірлесіп қаржыландырады» – деді кәсіпорын басшысы Марат Смаилов. – Бұл қаржы су жинағыштарды жаңғырту, сорғы станцияларын қайта жаңарту, су тұтынуды есепке алу жүйесін жетілдіру және судың шығыны мен жұмсалу деңгейін төмендетеді. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. 89 миллион теңгеге келісілген «Сумен жабдықтау желілерінің тиімділігін арттыру жоспарын әзірлеу» келісімшарты энергия тұтынуды қоса алғанда сорғы станцияларының желілерін жаңғыртуға шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. «Бас тоғанды жаңғырту» келісімшарты бойынша 572 миллион теңгеге «Grundfos» (Германия) маркалы ұңғымалық сорғы агрегаттары, автоматикалық басқару шкафтары, сондай-ақ «Mitsubishi Electric» (Жапония) маркалы жиілікті «Aplisens» (Белорусь) фирмасының қысымды түрлендіргіштері орнатылды. Бұл бас тоған жабдықтарының өнімділігі мен пайдалану сенімділігін арттырып, сондай-ақ энергия тұтынудың тиімділігін жақсартты. Коммерциялық есептеуіштерді ауыстыру жобасы бойынша заңды тұлғалардың суды тұтынуын қашықтықтан есепке алу және бақылау жүйесі енгізілді. «Itron» француз компаниясының «Flostar» маркалы есептеу құралдарынан көрсеткіштерді қашықтықтан алудың арқасында жабық мекемелер (тергеу изоляторы, түрмелер), коммерциялық банктер, ҚР Қорғаныс министрлігі объектілері және күш құрылымдарының объектілері сияқты абоненттердің мәселесі шешілді. Есептегіштердің бұзылуы және қайта орау проблемалары жойылды. Өйткені бұл көрсеткіштер күн сайын кәсіпорын серверіне беріледі және электрондық көрсеткіштер журналы жүргізіліп отырады. Есептеу аспаптары ҚР Заңнамасына сәйкес «С» дәлдік класына сәйкес келді. Осы келісімшарт аясында «е-Шаңырақ» пилоттық жобасы үшін сегіз көпқабатты үйде жалпы үй есептегіштері орнатылды. Бақылаушыларға жүктеме азайды. Кәсіпорын барлық кезде табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мақсатын ұстанады. Дәлірек айтқанда кәсіпорын суды тұтыну мәдениетін енгізу мақсатында ағымдағы жылы 448 абонентке «С» дәлдік класты, француздық «ITRON» (Айтрон) компаниясының суды есепке алу құралдарын орнатты. Енді су тұтыну көрсеткіштері кәсіпорынның ақпараттық жүйесіне қашықтықтан алу арқылы түседі. «Цифрлық Қазақстан – «Ақылды қала» бағдарламасы аясында «Астана» шағын ауданында 8 үйге суды есепке алу құралдары орнатылды. Ондағы пәтер саны – 335. Сондай-ақ кәсіпорында көлік құралдары мен мамандандырылған жабдықтар толығымен жаңартылды. Оларды жөндеуге кететін шығындарды қысқартуға және жүргізушілер мен операторлар үшін жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткіздік, – деп түсіндірді кәсіпорын басшысы. Бүгінгі таңда «Тараз су» кәсіпорны сорғы станцияларының жабдықтарын жаңғырту бойынша жобаны аяқтады. Ал кәсіпорынның ЕҚДБ-мен бірлесіп іске асырылып жатқан жобасы уәкілетті органдардың назарында тұр. Сондықтан жұмыстардың орындалуын бақылау бойынша кәсіпорынға Премьер-Министр Б.Сағынтаев, облыс әкімі А.Мырзахметов, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетов, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.Сабильянов және депутаттар мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар келген болатын. 7 желтоқсан күні Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев нысандарда болып, жаңғырту және қайта құру ауқымын көрді. Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Әжмұхан Бөлтіріков ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ бірлескен жобасы аясында сорғы станцияларын толық автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін бірінші санаттағы су тартқыштарын және екінші көтергіш сорғы станцияларын қайта жаңартуға үлкен қаржы бөлінгенін айтты. Бас су тоғаны немесе бірінші су көтергіш сорғы станциясы Жалпақтөбе ауылында орналасқан. Тараздан жеті шақырым жерде орналасқан станцияда 21 артезиан ұңғымасы бар. Толық жаңғыртылған ұңғымалардың жаңа жабдығы жерасты құрылысынан контейнерлік түрдегі жер үсті құрылысына ауыстырылды. Бақылау жұмыстары қала орталығындағы «Тараз су» МКК бас диспетчерлік пунктінен жүзеге асырылады. Енді судың түсуін реттеу үшін диспетчерге телефон арқылы бас тоған қызметкерлеріне команда берудің қажеті жоқ, себебі барлық процесс компьютерленген. Сонымен қатар Жалпақтөбе бас тоғанында әр сағат сайын судың талдауы және зарарсыздандыру жүргізіледі. Жалпақтөбе су құбыры магистралі темір жол желісінің артындағы Песчаная көшесінде орналасқан, диаметрі 500-700 миллиметр құбырлардан тұратын екінші көтермелі сорғы станциясына бағытталады. Бұл сорғы станциясы қала орталығы мен ықшам аудандарды сумен қамтамасыз етеді. Мұнда электрқозғалтқыштары бар тозған сорғылар ауыстырылды, жаңа тоқтату арматуралары, су қысымын бекітетін автоматты жиілік түрлендіргіштер мен бақылау шкафтары қойылды. Әрбір 5-10 минут сайын барлық деректер диспетчерлік қызметке беріледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде құбырлардың жарылуы болмау үшін судың қысымын үнемі қалыпта ұстау жұмыстары жүргізіледі. – Ескі электр қозғалтқыштар 40 жыл қызмет етті. Бірақ олар моральдық және техникалық жағынан ескірген. Біз оларды неміс өндірісінің заманауи үнемді қозғалтқыштарына ауыстырамыз, бұл тек электр энергиясына айына шамамен 6 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді Әжмұхан Бөлтіріков. Ы.Дүкенұлы көшесінің соңында екінші көтермелі станциясында қалаға су тасымалдауға арналған жабдықтар ауыстырылды. Бұл станцияда өз зарарсыздандыру жүйесі бар. Су Құмшағал ауылындағы Оңтүстік-Батыс су тоғанынан Ы.Дүкенұлы станциясына жеткізіледі, зарарсыздандыру процесінен өткеннен кейін, су қаланың шағын аудандарына және тұрғын массивтеріне беріледі. Қала орталығында, Қазыбек би көшесінде таза су көлемі мың текше метрден асатын стратегиялық жерасты резервуарлары орналасқан. «Сорғы станцияларын қайта құру» жобасын іске асыру нәтижесінде 560,3 миллион теңгеге энергияны тұтыну айтарлықтай төмендейді, пайдалану сенімділігі көтеріледі, сумен жабдықтау жүйесіне су беруді бақылау және реттеу мүмкіндігі пайда болады. 65 ұңғыма сорғыларын жаңасына ауыстыра отырып, су жинағыштарды жаңғырту көптеген артықшылықтарды береді. Бұл қаражатты айтарлықтай үнемдеу, қашықтықтан басқару, көтерілетін суды бақылау және су құбырлары мен сорғы станцияларындағы шығындарды есепке алу, басқарудың жеделдігі мен тиімділігі болып табылады. «Сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тараз су» МКК-да биыл жаңа сервистік «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылды. Бұл халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жерде электронды кезек терминалы орнатылған, бір күн ішінде мыңнан астам адамға қызмет көрсетуге болады. Бұдан басқа, енді қала тұрғындары үйден шықпай-ақ су түбіртектерін онлайн- банкинг қосымшаларында электронды төлей алады», – деді «Тараз су» МКК директорының орынбасары Гүлмира Тоқаева. 2015 жылы 5 миллионнан астам теңгеге зертханалық жабдық жаңартылды. 2016 жылы кәсіпорын Ы.Дүкенұлы көшесіндегі сорғы станциясының аумағында орналасқан 1393,3 м2 ғимаратқа сынақ зертханасына арнап қайта құру жұмыстарын жүргізді. Барлық жұмыстар 149435,0 мың теңгеге, яғни мекеменің өз қаражаты есебінен жүргізілді. Сынақ зертханасы іс-шараларға белсенді қатысады және жақсы нәтижелер көрсетеді. «Оқу орталығы сарапшысы» ЖШС ұйымдастырған байқауда «Тараз су» МКК сынақ зертханасы Жамбыл облысындағы «Үздік зертхана» атағын иеленді. Кәсіпорынның сынақ зертханасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-да аккредиттелген және ГОСТ ИСО / МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес келеді, бұл № KZ.I.08.1111 25 2016 жылдың сәуір айында берілген аккредиттеу куәлігімен расталады. Соңғы жылдары тұтынылған су үшін жиналған төлемдердің көлемі айтарлықтай өсті. Егер 2014 жылы бір айда 80 миллион теңге қаражат жиналса, қазір 135 миллион теңге көлеміне дейін өсті. Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылатын жоба Таразда Қазақстандағы ең төмен ауызсу тарифін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғалардың тұтынылған су үшін тарифі – 40,53 теңге/текше метр (1000 литр су үшін) құрайды. «Тараз су» МКК су құбыры-кәріз шаруашылығын қайта жаңарту және жаңғырту жоспарын толық жүзеге асырып отыр. Бұл ескірген жабдықтарды ауыстыру, қаланың сумен жабдықтау және су бұру желілерінің мониторингі, авариялық бригадалардың шығуын үйлестіру және жедел ету, жиырма бес жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқан су резервуарларын лай мен құмнан тазарту, ЖЖМ шығындарын азайту. – Биыл қаладағы жылу құбырларын ауыстыру кәсіпорын үшін шығынға айналды. Өйткені мердігерлер жақын жердегі су құбырларын экскаваторлармен жыртып, көптеген зақым келтірді. Кәсіпорын осы шығындарды 15 миллион теңгеге бағалап отыр, бірақ мердігерлер ол шығындарды өтемей отыр. Біз сумен жабдықтау жүйесін дамытуға және жетілдіруге үлкен мән береміз. Кәсіпорында жаңа тәсілдер, алдыңғы қатарлы еңбек әдістері, энергия үнемдейтін технологиялар енгізілуде. Бүгінгі күні кәсіпорында 656 адам жұмыс істейді, қызметкерлердің орташа жалақысы - 118 800 теңге. Қызметкерлердің сапалы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, күнделікті жеңілдікпен ыстық тамақпен қамтамасыз ету, ауыр және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 0,5 литр сүт беру қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қызметкерлер қазіргі заманғы тегін медициналық пунктте медициналық көмек алады. Сонымен қатар зейнеткерлікке шығатын кәсіпорын қызметкерлерге екі айлық жалақы төленеді. Қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы біздің жұмысымызға тікелей байланысты екенін түсінеміз. Ауызсудың сапасы, адамдардың денсаулығына, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылыққа да байланысты. Тәуелсіздік жылдары «Тараз су» кәсіпорны күрделі сынақтардан өтті. Алайда кадрларды да, қуатты да сақтап қалған кәсіпорын болашаққа сеніммен қарайды. «Нұрлы жол» бағдарламасы, шетелдік инвестицияларды тарту жобалары Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін сенімді, заманауи және барлық әлемдік талаптарға сай етуге көмектеседі деп үміттенеміз, – деді «Тараз су» МКК басшысы Марат Смаилов. 2019 жылдың 18 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында бизнес-көшбасшылардың салтанатты съезі өтті. Жыл сайынғы қаржы-экономикалық көрсеткіштерді талдау және кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысуын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша 4 мың компания арасында кәсіпорындарды саралау нәтижесінде «Тараз су» МКК ел экономикасына қосқан үлесі үшін «Жыл көшбасшысы – 2018» марапатына ие болды. Ал 7 қарашада Ұлттық бизнес рейтинг Одағы «Сала көшбасшысы», Export Import Award және «Жыл жаңалығы» марапаттарын ресми тапсыру үшін Қазақстан, Өзбекстан мен Украинаның үздік кәсіпкерлерін жинады. «Тараз су» МКК іскерлік жетістіктері мен қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау негізінде саланың үздік рейтингісіне енген «Сала көшбасшысы – 2019» марапатына ие болды.

«Тараз су» МКК-ның баспасөз қызметі.