Саясат

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Аудан орталығындағы Ақәділ Суханбаев атындағы демалыс саябағының ішінен Жастар ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, Жастар жылы аясында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылғандығына тоқталды.– Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 25360 жас бар. Бұл жалпы аудан халқының 24,4 пайызын құрайды. Жұмыспен қамту орталығына биыл тіркелген жұмыссыз 1385 жастың 1371-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. 216 жас 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкер-лікті дамыту-дың 2017-2021 жылдар аралығындағы «Еңбек» бағдарламасының 2-ші бағыты жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша 46 азамат 161 миллион теңге көлемінде несие алды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 30 маман біржолғы әлеуметтік көмекпен, 8 маман несие алып, тұрғын үймен қамтылды. «Жасыл Ел» бағдарламасын аудандық деңгейде дамыту мақсатында 2 миллион 210 мың теңге бөлініп, 52 тұрғын жұмыспен қамтылды. Жалпы, жастарға көрсетіліп жатқан қамқорлық ауқымды. Ендігі жерде олар да өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезініп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды отбасында, өздерінің ортасында айтып, насихаттап жүрулері керек. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан жастарының басын біріктіретін Жастар ресурстық орталығы ғимаратын салтанатты түрде ашып отырмыз. Мұнда жастарымыз түйінді мәселелерін, тың идеяларын ортаға салып, ауданның өсіп-өркендеуіне үлестерін қосады деп сенемін, – деді аудан әкімі. Жастар атынан сөз алған №3 Байзақ колледжінің білімгері Нұрқасым Мыңжасаров жастарға көрсетіліп жатқан қамқорлық үшін аудан басшысына алғысын айтты.

Гүлшахар ӘБДІҚҰЛОВА, журналист.

Байзақ ауданы.