- Advertisement -

Елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысы өтеді

35

- Advertisement -


Елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысы өтеді. Алқалы жиынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысатындығы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Ал 6 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өткен еді.

Кеңестің алғашқы отырысын қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құр ұрандатпай нақты жұмыс жасау қажеттігін айтқан болатын.

«Бүгін өте жақсы пікір алмасу, жалпы әңгіме орын алды. Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің интеллектуалдық деңгейі өте жоғары. Сондықтан бүгін өте тиімді, қызықты ұсыныстарды тыңдадық. Бұл ұсыныстарды жалпы мен қолдаймын. Келешекте амандық болса бәріміз бір ұжым болып іске асырамыз деп ойлаймын. Біздің ең құнды мақсат-міндет, ұғым – бұл еліміз, мемлекеттілік. Бәріміз Отанымызды сүйеміз. Бірақ, жай ұрандар тастамай, нақты қадамдарымызды жасауымыз керек», — деген еді Қазақстан Президенті.

Жалпы, Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді. Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске республикалық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар енгізілуі мүмкін.

Кеңес мүшелерімен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support