- Advertisement -

Марапат талды

152

- Advertisement -

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын негізге ала отырып, көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күніне орай:
«Тараз Өнерпаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Абдилдаев Жалғат Хабитұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Адилбаков Айбар Кунтуович, Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының аппарат басшысы Әліпбеков Ұланбек Ерболатұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің Бастауыш ардагерлер кеңесінің мүшесі Әміреқұлов Сағынхан – зейнеткер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Бейсенбеков Гани Зульфухарович, «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бердалиев Мурат Азимханұлы, Меркі ауданы №1 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Джуанышова Эльмира Куанышбайқызы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Жақыбаев Қалыбек Қойшыбекұлы, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Темір жол көлік комплексі» филиалында орталықтандырылған пост операторы Қадырсызова Қарлығаш Ділдәбекқызы, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Қаратау» ТКӨК Орталық байыту фабрикасының ұсақтаушысы Қалдыбекова Күлшат Аманқызы, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының №26 /Зауытты басқару/ цехының тиеуді ресімдеу бөлімінің өткізу экономисті Қарабекова Айсұлу Сапарбекқызы, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының Қаржы және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Кемелова Сандуғаш Үсенбайқызы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша Департаменті Арнайы бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Қызбалаев Мұхит Нүсіпұлы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің жұмыс орындарында және коммуналдық бағыттағы объектілерде жұқпалы емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Макаров Михаил Борисович, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жамбыл филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауыты №18-ші «Өлшеп – бақылау аспаптары мен автоматика, байланыс және информациялық технологиялық қызмет көрсету және АСУ ТП қызметі» цехының жетекші жүйе әкімшісі Ситкин Роман Юрьевич, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Шолақтау» ТКӨК-нің тау-кен өңдеу кешенінің «Шолақтау» жер-асты кешенінің бұрғылау қондырғысының машинисті Виктор Владимирович Шенгоф Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімімен: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын негізге ала отырып, көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және Қазақстан Республикасындағы «Энергетик күні» кәсіптік мерекесіне орай:
«Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Цитель Ирина Васильевна Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support