Әлеумет

Жаңалықтың жаршысы «Aq jol»-ға жазылайық!

Жаңалықтың жаршысы «Aq jol»-ға жазылайық!

Алғаш жарыққа шыққаннан бастап облыстың өміріне, ұлтымыздың рухына, шындықтың туына, жақсылық пен жаңалықтың жаршысына айналған біздің сүйікті басылымымыз «Аq jol» газеті – әрбір отбасының іздеп жүріп оқитын үнпарағы.

Талғат ЖҰМАБЕК, Талас ауданының Құрметті азаматы.

Журналистері тілінің шұрайлылығымен ел-жұрттың үнін жеткізіп, рухын көтеріп келеді. Елбасының сарабдал саясаты мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың межелі міндеттерін жеткізуде де тілшілердің тындырған тірлігі көп. Облыс айнасы – «Аq jol» газетінің ұжымы қандай мәселені қаузаса да байыпты, сауатты ұсынып, түйінді мәселелердің жауабын беретініне тәнтімін. Батырлар мен ақындар мекені аталған, қаймағы бұзылмаған қазақы қалпын сақтаған Талас ауданының халқы «Аq jol»-ды сырласындай көреді. Сондықтан халық жүрегіне жақын сүйікті газетімізге жазылу – әрқайсысымыздың парызымыз.