Саясат

Тәуелсіздікке – құрмет, тарихқа – тағзым

Тәуелсіздікке – құрмет, тарихқа – тағзым

Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесі Тараз қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және бірқатар мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен білім беру саласының қызметкерлері, жалпы жұртшылық белгіленген тәртіппен монументке гүл шоқтарын қойды. Жиналған қауым Тәуелсіздік туралы ой толғап, ел егемендігі жолында жанын қиған азаматтарды еске алды. Арысы Қазақ хандығынан басталып, берісі Желтоқсан оқиғасымен аяқталатын жүздеген жылдарда ел басына туған алмағайып замандар, сол заматтарда тәуелсіз қазақ мемлекеті үшін жан беріскен күрескер бабалар мадақталды. Кермек дәммен келген тәтті күннің қадірін келешек ұрпақ ұғынуы үшін өткенге тағзым жасалуы керектігі айтылды. Дәл осындай гүл қою рәсімі Қайрат Рысқұлбеков саябағындағы батырдың ескерткіші маңында да өтті.

«Aq jol-Aqparat».