Саясат

Ердің атын еңбек шығарады

Ердің атын еңбек шығарады

ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығы мен облыстық мәслихаттың 25 жылдық мерейтойына орай және өңірдің 80 жылдығы қарсаңында облыс әкімдігінде марапаттау салтанаты өтті. Онда өңір басшысы Асқар Мырзахметов «Жамбыл облысының азаматтық альянсы қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің» төрағасы З. Юлдашевқа «Құрмет» орденін және бірқатар азаматтарға «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» арнайы атағын табыс етті. Олардың қатарында «Talas Investment Company» ЖШС басқарушы директоры Б.Алдашов, денсаулық сақтау саласының ардагері Р.Дауылбаева, күйші-композитор, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ә. Желдібаев, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Н.Омашев, еңбек ардагерлері О.Есіркепов, Ж.Майханов, Қ.Сәмбетов, А.Халимбетов, Қ.Шотбақов, «Алматы технологиялық университеті» АҚ Президенті Қ.Құлажанов, облыс әкімі аппараты бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Лаиков, ТМД және ҚР Еңбек сіңірген энергетигі В.Цвит бар. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты М. Дүйсембаев марапатталды. Ал өкілді органның депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі және мәслихаттардың 25 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы «Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты А. Еділбаевқа, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Л. Қызылқұловаға, Тараз қалалық, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттарының хатшылары Б.Құлекеевке, Е.Тілеубековке, Р.Нұрсипатовқа, Ш.Исабековке, С.Бегеевке, А.Төлебаевқа, Е.Өмірәлиевке, Т.Жаманбаевқа табыс етілсе, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының Алғыс хатымен зейнеткер, облыстық мәслихаттың депутаты Т. Халық, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Е.Саурықов, «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғ.Сағынтаев, Байзақ аудандық электр жүйесі мекемесінің бас инженері, аудандық мәслихаттың депутаты А.Жәмішжанов, Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы Н.Тілепов, Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы Р.Бегалиев марапатталды. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Г. Нұрымова «Біздің Депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша «Үздік депутат» төсбелгісіне ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатына әріптесіміз, «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС директоры-бас редакторы, қалалық мәслихаттың депутаты Э.Мырза-Ғали, «Компания МАРК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Н.Ким, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» тау-кен өңдейтін кешені» филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты М.Сәрсенов, жеке кәсіпкер, Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Л.Мырзабеков, «Бапыш – Сейсенбай» шаруа қожалығының жетекшісі, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты С.Рәпілбеков, Жамбыл аудандық электр жүйесінің басшысы, қалалық мәслихаттың депутаты Ж.Бөлекбаев, зейнеткер, Шу аудандық мәслихатының депутаты С.Бастаубаева, Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Р.Нұрсипатов лайық деп танылыпты. Салтанатты марапаттау рәсімінен соң Жамбыл облысының Құрметті азаматы атанған Намазалы Омашев сөз алып, өзін осы атаққа лайықты деп тапқан облыс әкімі мен депутаттарға алғысын білдірді. Сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы атанған Әбдімомын Желдібаев: Адам баласы үшін ең құрметті сөз бар – азамат деген. Ол ата-бабадан келе жатқан қымбат, киелі сөз. Бабаларымыз «Халқым, елім» деген тұлғаларды азамат деген. Жыр алыбы Жамбылдың кіндік қаны тамған, сол кісінің атын иемденген біздің облыста бүгінде аз ғана уақыттың ішінде көптеген іс атқарылуда. Заман талабына қарай ауыл шаруашылығында болсын, құрылыста болсын жақсы бастамалар қолға алынды. Мен әр нәрсені бағалай білетін, бағасына жете білетін жанмын. Ендеше ер азаматтың еңбегін айтып жүрген дұрыс. Асқар Мырзахметовтің облысымызға сіңірген еңбегін бағалауымыз қажет», – деді. Жиын соңында сөз алған облыс әкімі Асқар Мырзахметов: – Күні кеше ғана барша қазақстандықтармен бірге еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өттік. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен салтанатты жиналыс өтті. Қай халық үшін болсын азаттықтан асқан ұлы ұғым, тәуелсіздіктен биік тұғыр болмаса керек. Олай болса осы айтулы мерекемен баршаңызды тағы да құттықтағым келеді. – Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін қоғамды демократияландыру, билік пен халық арасындағы байланысты нығайту мақсатында елімізде өкілді орган – мәслихаттар құрылған болатын. 1994 жылдың 7 наурызында тұңғыш рет мәслихат сайлауы өткізіліп, 30 наурызда жер-жерде депутаттардың бірінші сессиясы болды. Содан бері 25 жыл уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде жергілікті мәслихаттағы депутаттық корпус еліміздегі халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Олай болса, осы сәтті пайдалана отырып, облыстағы барша депутаттарды осы айтулы мерекемен арнайы құттықтағым келеді. Өздеріңізге белгілі, биыл облысымыздың құрылғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай әкімдік тарапынан ұйымдастырылған бірқатар шаралар бар, оны да алдағы уақытта бірлесе отырып жоғары деңгейде өткіземіз деген ойдамын, – деді. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Маржан Рақай