- Advertisement -

34

- Advertisement -

Бүгін ҚР Президент әкімшілігі мен Тараз қалалық мәслихаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.
Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов қала активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Өңір басшысы облыс орталығы болған соң қала әкіміне жүктелетін жауапкершіліктің салмағы да жеңіл болмайтынын атап өтіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде, экономиканы көтеруде табандылық пен жүйелі жұмыстың керектігін баса айтты. Әсіресе, қала маңындағы саяжай-алқаптарын газдандыру мен таза ауыз су тарту, қаладағы жолдарды реттеу, жолаушылар тасымалындағы қоғамдық көліктерді электронды билеттендіру, аялдамаларды бірыңғай типке келтіру бойынша хаттамалық тапсырмалардың әлі күнге орындалмағанын тілге тиек етіп, жаңа әкімге осы орайда нақты шаралар қабылдау керектігіне назар аудартты. Оның өз еңбек жолын қала әкімдігінен бастағандығына, сондай-ақ, Жуалы, Талас аудандарының әкімі, бүгінге дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры лауазымдарында қызмет атқарып келгендігін ескеріп, тәжірибесін елеп, сенім білдірді.
Өз кезегінде Айтқазы Дәулетқұлұлы артылған жауапкершілікті сезінетінін, сенім үдесінен шығуға барын салатынын жеткізді.

Нурадин Ракай фэйсбук парақшасынан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support