- Advertisement -

Бірыңғай ашық сабақтар ғибраттары

101

- Advertisement -

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай, еліміздің еңсесін тіктеп, Ұлы Дала Елін әлемге танытқан Елбасының кісілік келбетін таныту мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатында бірыңғай ашық сабақ өтті.
– «Ұлы Дала елінің кемеңгер басшысы» атты мерекелік іс-шаралар легін біз дүйсенбіден бастадық. Апта ішінде барлық сыныптарда Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері, нақыл сөздері ілініп, слайдтар көрсетілді. Қалыптасқан дәстүрге сай, «Тұңғыш Президентіміз – Ел бекемі» тақырыбында сынып сағаттары, «Болашақты болжаған кемел тұлға» атты пікірталас, эссе жазу байқауы, «Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» атты жас ақындар сайысы өтіп, оқушылар өздерінің елге, Отанға деген құрметін балауса жырларына арқау етті, – дейді облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Өтегенова.
Бірыңғай ашық сабақта Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі және еңбек жолы туралы айтылды. Мәселен, оқушылар Елбасының тұлғалық қырын таныды. Ал апталық «Дара тұлға, дана тұлға Елбасы» салтанатты жиынымен қорытындыланды.
Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында өткен ашық сабаққа облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген арнайы шақырылған екен. «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында өткен сабақ сұхбат форматында өрбіді. Іс-шарада сондай-ақ бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірім ұйымына қабылдау рәсімі болды. Арнайы қонақ рәсімге шақырылған 5-сынып оқушыларына салтанатты түрде галстукты өзі тағып берді.
Осы сипаттағы ашық сабақтар облысымызға белгілі азаматтардың қатысуымен өңірдегі барлық білім ошақтарында ұйымдастырылды.

Альмира Омарова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support