Әлеумет

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастарын нығайта отырып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. – Біздің елге қош келдіңіз. Татарстан – Ресейдің дамып келе жатқан аймағы. Сіз Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде де, Сенатында да келіссөздер жүргіздіңіз. Мен біздің қарым-қатынасымызды өте жоғары бағалаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.