- Advertisement -

Қытайдағы қазақ боксшысы «Канело» промоутерлерінің бокс кешінде жеңіске жетті

28

- Advertisement -


Қытайдағы қазақ боксшысы «Канело» промоутерлерінің бокс кешінде жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың намысын қорғаған этникалық қазақ Бейсенбі Насиуллаұлы мексикалық Сауль Корралды жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жекпе-жек Fantasy Springs аренасында (АҚШ, Калифорния) бірінші жартылай орта салмақтағылар арасындағы бәсекеде өтті. Насиуллаұлы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл Насиуллаұлының АҚШ-тағы екінші айқасы. Ол бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен ганалық боксшы Фредрик Лаусоннан жеңіліп қалған еді.

Этникалық қазақ кәсіби боксқа 2015 жылы келді.

Айта кетейік, бокс кешін мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің ісімен айналысатын Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support