- Advertisement -

Аймағымыздың басты арнасы

35

- Advertisement -

Еліміздің дәстүрлі құндылықтарын сақтауға, дамытуға, қоғамның рухани өмірін жаңартуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруда ақпарат құралдарының рөлі ерекше екендігі белгілі. Оның үстіне, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тұрақты түрде өсіп келеді.
Заман ағымына, талабына сай бұқаралық ақпарат құралдары – жылдам жаңалықтың жаршысы болуға талпынуда. Сонымен бірге ел ішіндегі оқиғалардан халыққа шынайы ақпарат тарату – Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз. Сондықтан қоғамдық маңызы зор қызметтеріңізге көрермен, оқырман құрметпен қарайды, бағалайды.
Бүгінде «JAMBYL» телеарнасы – мемлекетіміздің салиқалы саясатын ұстанған аймағымыздың басты арнасы. Билік пен бұқараның арасындағы маңызды көпір. Қоғамдық, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне арна ұжымы, тілшілері қалам қайратымен өз үлестерін қосуда. Бүгінгі таңда телеарна уақыт талабына сай жабдықталып, жаңа технологиялар енгізілуде. Көрермен көзайымына айналған бағдарламалары жетерлік.
30 жылдық тарихы бар телеарна ұжымына жаңа табыс, көрерменнің ыстық ықыласын тілеймін. Шығармашылықтарыңыз артып, әріптестер арасында алдыңғы шептен көріне беріңіздер!

Асқар Мырзахметов,
облыс әкімі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support