Жаңалықтар

Сән мен сымбат

Сән мен сымбат

• Ұлыбританияда табиғи сұлулық жоғары бағаланады. • Үнді фильмдерінен көретін қыздарымыз көбінесе терісі ақшыл, бет келбеті сүйкімді, шашы ұзын болады. Міне, үнді халқы үшін дәл осы сипаттарға сай қыздан асқан сұлу жоқ. • АҚШ-та барби қуыршағын алуға тыйым салу туралы сөз қозғалды. Себебі қыздар ойдан шығарылған келбетке еліктеп, психикасы бұзылады. • Түркияда шашы ақшыл, көзі көк бойжеткен сөзсіз әдемі деп есептеледі. • XVIII ғасырда француз қыздары қасын толығымен қырып алып тастап, орнына тышқан терісін жапсырған. • Мұсылман қыздарына қасын жұлуға қатаң тыйым салынған. • Пластикалық оталардың ішінде әлем бойынша ең көп жасалатыны – липосакция, яғни денедегі артық май қабаттарынан құтылу. Ал ерлер жасататын пластикалық операция бойынша, ринопластика, яғни мұрынды түзеу бірінші орында тұр. • Майя ұрпақтары арасында көзі қылилық – сөзсіз сұлулық белгісі саналған. • Қытайда аяғы кішкене қыздар – сұлулық символы саналған.