Басы артық кітаптарыңыз босқа жатпасын
Басы артық кітаптарыңыз босқа жатпасын
Кітап – адамның жан азығы, рухани байлығы. Сондықтан кітап оқу, оны қаттап жинау мәдениеті биіктердің бір ісі. Дегенмен ескірген немесе бір кітаптың әр жылдарда жарық көрген бірнеше данасы жиналып қалған адамдар оларды біреуге сыйға тартқысы келеді. Осыған орай облыстық «Aq jol» газетінің ұжымы тұрғындардан басы артық кітаптарды жинауды ұйғарып отыр. Осы акция аясында оқырмандарымыз өз үйлеріндегі артық, оқып қойған қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердегі кез келген кітаптарын редакцияға әкеліп, тапсыра алады. Шара барысында жиналған кітаптар шалғай ауылдардағы мектептердің кітапханаларына тапсырылады. Ал редакцияға 25 кітаптан артық өткізген оқырмандарымыздың есімін фотосымен бірге газет бетіне жариялаймыз. Басы артық кітаптарыңызды редакцияға әкеліп тапсыруға асығыңыз, құрметті көпшілік! Хабарласу үшін тел: 43-17-07, 45-48-09, 43-15-26 Ұялы тел: 87782512595, 87783504963, 87078604758