Саясат

Елбасы А.Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтудағы қызметі үшін алғысын білдірді

Елбасы А.Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтудағы қызметі үшін алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

Әңгіме барысында соңғы жылдардағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының негізгі кезеңдері талқыланды. Президенттер бұдан арғы даму үшін зор әлеуеттің бар екенін айта келіп, екіжақты ынтымақтастық қарқыны өсіп келе жатқандығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев А.Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz