Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті. Онда аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А. Төлепбергенов дәрігерлік көмек, тегін дәрі-дәрмекпен қамтуда тұтынушы халықтың талап-тілегін орындау барысында кездесетін келеңсіздіктерді болдырмау мәселесін сөз етті. Дөңгелек үстелге қатысушы сала мамандары тарапынан күнделікті жұмыста кездесетін осы олқылықтардың алдын алу керектігі жан-жақты пысықталды.