Қоғамның ашықтығы – ел азаматтарының құқықтарын құрметтеу
Қоғамның ашықтығы – ел азаматтарының құқықтарын құрметтеу
Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында әлеуметтік көмек, бизнес пен кәсіпкерлікті дамыту, сот реформасы, құқық қорғау органдарындағы реформалар кеңінен қозғалды. Бизнесті қолдауға басымдық берілді. Президент шағын бизнесті табыс салығынан үш жыл мерзімге босатуды тапсырды және шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге келесі жылдың қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге тыйым салу туралы өз шешімін жариялады. Бұл – «отбасылық бизнестің» дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ ел Президенті әлеуметтік көмекті де атап өтті. Бұл атаулы әлеуметтік көмек – көп балалы отбасыларды қолдау. Президент Әкімшілігінде азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау сапасын қадағалайтын бөлім құрылғанын хабарлады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы саясаттың, экономиканың, мемлекеттік институттарды нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі мәселелерін атап өтті. – Біз заңдарды ізгілендірумен әуестендік, бұл ретте азаматтардың негізгі құқықтарын елемей отырмыз, – деді Қ.Тоқаев және шұғыл түрде жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе, балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Президент құқық қорғау жүйесінің реформасын маңызды міндеттердің бірі деп атады. Президенттің Жолдауында Қарулы Күштерде шұғыл шешу қажет күрделі мәселелер жинақталғаны сөз болды. Тиісінше, осы салада жұмыс істейтін кәсіби кадрларға және олардың жалақысын арттыруға көңіл бөлді. Мемлекет басшысы халықты алаңдататын барлық проблемалардан хабардар. Өйткені Прзиденттің өзі әлеуметтік желіде қарапайым азаматтардың көтерген мәселесін кері байланыс арқылы көріп отыр. Бұл ашықтық – қазақстандықтардың әлеуетін көтереді.
Бағдат ДАНИЛОВ, Жамбыл облыстық ТЖД басшысы.