Кальцилендірілген сода өндірісі жолға қойылады
Кальцилендірілген сода өндірісі жолға қойылады
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «QAZAQ SODA LLP» компаниясының директоры Исмайл Жейланды қабылдады. Кездесу барысында тараптар Сарысу ауданында қолға алынған кальцийлендірілген сода өндірісі бойынша жұмыс жасайтын өндіріс ошағын ашу мүмкіндіктерін талқылады. «QAZAQ SODA LLP» компаниясының директоры Исмайл Жейлан облыс әкіміне электр энергиясымен туындаған мәселені шешіп беру туралы өтінішпен қайырылды. Сондай-ақ компанияға өнімді тасымалдау және қажетті темір жол құрылысын бастау үшін жер қажет. Өз кезегінде өңір басшысы инвесторларға қажетті инфрақұрылым желілерін тартуды бюджеттен қаржыландырудың өз талаптары бар екенін ескертті. Сондықтан келер жылға бюджеттік өтінім беруге үлгермеген өндіріс ошағының басшылығына қажетті жұмыстарды әзірге өз қаржысымен жасауға тура келеді. Олар бұл талапқа келісім беріп, оны арнайы құжатпен рәсімдеуді ұсынды. Жобаның алғашқы кезеңінде компания 400 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Ал өндіріс ошағы ашылған сәтте мұнда жұмыс жасаушылардың 95 пайызын жергілікті тұрғындар құрамақ. Сәйкесінше, кездесуде қажетті кадрларды даярлау мәселесі де сөз болып, тараптар өзара келісімге келді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.