- Advertisement -

Отарда ауызсу мәселесі шешілмек

186

- Advertisement -

Отарда ауызсу мәселесі шешілмек

Cоңғы жылдары ауданда тұрғындарды таза да сапалы ауызсумен қамту жұмыстарына айрықша мән берілуде.

Былтыр ғана Ауқатты ауылының су-құбыр жүйесі жаңартылып, жаңа су кернеуші мұнара орнатылса, биыл Әлжан апа ауылының ауызсу мәселесі толықтай шешімін тапқалы отыр.
Аудан әкімі Болатбек Байтөле Отар ауылдық округіне жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындар ауызсу мәселесін де көтерген болатын. Аудан басшысы осыған байланысты «Қордай су» КМК мекемесіне тиісінше тапсырмалар беріп, оны өз бақылауына да алған-ды. Көп күттірмей кеңестік кезеңде салынып, пайдалануға берілген көлемі 25 текше метрлік ескі су мұнарасы жанынан 50 текше метр су жинау әлеуетіне ие жаңасы орнатылды.
23 метр биіктіктегі сыйымдылық жоғары қысымда жұмыс істейді, тұтынушыларына да кедергісіз су жеткізеді. «Қордай су» КМК мекемесі мамандарының айтуынша, ендігі жерде тұрғындар суды тиімді пайдаланып, тек тұрмыстық қажеттіліктеріне ғана жаратса, елді мекен тәулік бойы үзіліссіз сумен қамтылатын болады.
Ендігі кезекте отарлықтар есептегіш құралдарын орнатып, таяу арада аталған нысанды іске де қосқалы отыр.
Қордай ауданы.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support