Қоғам

Апат тар медицинасы орталығы туралы білеміз бе?

Апат тар медицинасы орталығы туралы білеміз бе?

немесе ол шұғыл жәрдем көрсетуге қашанда әзір 19 қазан күні еліміздегі барлық құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Әдеттегідей бұл күні өрт сөндірушілерге, сүңгуірлерге, құтқарушылар мен кинологтарға құрмет көрсетіледі. Адамдарды құтқару жолында өз өмірлерін қатерге тігу де ерлік. Дегенмен құтқарушылар бұл міндетті медициналық қызмет көмегіне жүгіне отырып атқаруға тиіс. Көп адамға көмек көрсетіп, оларды аман алып қалу үшін қарбаластық пен жаңылыс болмауы керек. Ал бұл іс төтенше жағдайлар комитетінің апаттар медицинасы қызметінің міндетіне жатады. Елімізде ТМД кеңістігінде алғашқылар қатарында республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы құрылды. 1994 жылы ол өзінің Апаттар медицинасы орталығы болып қазіргі заманауи атауына ие болды. Орталық жаппай зақымданудың кез келген түрі – дүлей апаттар, технологиялық және көліктік авариялар, табиғи катаклизмдер кезінде халыққа жедел және тиімді көмек көрсетудің ұйымдық негізі болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2014 жылы біздің облысымызда да аталған орталықтың филиалы өз жұмысын бастады. Филиал қызметінің мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аумағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, ЖКО, авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне амбулаториялық-медициналық көмек көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жолымен адами шығындарды төмендету болып табылады. Бұл қызмет бүгінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ететін, облыс бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне кіретін кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметіне айналып отыр. Төтенше жағдайларға ден қою бойынша АМОФ-ның негізгі жедел көмек көрсету құрамы күре жолдық медициналық-құтқару бекеттері мен филиалдың шұғыл медициналық көмек бригадаларына бөлінген. Күре жолдық медициналық-құтқару бекеттері Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан, Шу ауданының Төле би, Мойынқұм ауданының Бурылбайтал ауылдарында орналасқан. Олар зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Апаттар медицинасы орталығы филиалының бөлімшелері барлық ірі төтенше жағдайларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етуге белсенді қатысып, зардап шегушіге білікті медициналық көмектер көрсетті. Апаттар медицинасы орталығы қызметінің басым бағыттарының бірі – жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру болып табылады. Бригада күре жолдық пункттің «жауапкершілік аймағында» жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге тәуліктің кез келген сәтінде медициналық-құтқару бойынша оқиға орнына реанимобильмен жедел жетуді жүзеге асырады. Күре жолдық бекеттердің жұмысы «жауапкершілік аймағында» жол-көлік оқиғалары кезінде өлім-жітім саны біршама қысқартылуына да мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыс бойынша апаттар медицинасы орталығының филиалы өзінің қызмет нысаны және оған тән жұмыс әдістері бар облыстың денсаулық сақтау саласының дербес буыны ретінде өзін жан-жақты көрсете алуда. Әзиза САЛПАГАРОВА, апаттар медицинасы орталығы облыстық филиалы бригадасының фельшері.