- Advertisement -

Қазақтың ырым-тыйымдары

87

- Advertisement -

Жаңа түскен келіннің бетін ашқанда, беташар айтушы ақын оң қолына ұстаған жеміс ағашына немесе тобылғымен сапталған қамшының сабына қызыл торғын орамал байлап, сонымен ашады. Онысы – келіннің беті айдай жарық болсын, ұрпағы көп, жеміс ағашындай жемісті болсын дегені.

* * *
Жаңа түскен жас келін отқа сәлем бергенде: «От ана – Ұмай ана, жарылқа» деп тілек тілейді. Басқа әйелдер отқа май құйып, алақандарын қыздырып алып, келіннің бетін сипайды. Бұл – келіннің жүзі жылы болсын, дидары ыстық болсын, тіл-көз тимесін дегені.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support