- Advertisement -

Жазушының жан сыры

80

- Advertisement -

белгілі қаламгер Ғабит Мүсіреповтің әйел туралы айтқандары

Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі.
Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Жапон қызында айқай салу әдеті жоқ.
Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді.
Жержүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Кір жуып жатқан әйелді Ремарк сонша айқын көрсеткендіктен, мұрныма жуып жатқан кірдің иісі келді.
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.
Менің Джакондам – Ұлпан.
Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды – тезірек еселеп қайыруға тырысады.
Біз әйелді әйел сыңайынан таныған елміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support