- Advertisement -

Қала мен ауыл мектептерінде алшақтық болмасын

57

- Advertisement -

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған алғашқы Жолдауы дамудың маңызды сатыларын айқындады.
Жолдаудың басты бес бағыты – Қазақстанның одан әрі уақыт талабына сай өркениетті мемлекетті нығайту стратегиясы екенін атап өткен жөн. Өйткені бұл басымдықтар азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы қалыптастырып, енді әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне бастайды. Қуатты өңірлерге негізделген қуатты мемлекетке айналуды көздейді.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында қазір елімізде елеулі орын алып отырған бірқатар мәселеге де тоқталды. Кейбір кемшіліктер мен қайшылықтарға қарсы тиімді күрес жүргізудің оңтайлы құралы заманауи мемлекет құру екендігін атап өтті. Әр бағытқа нақты тоқталып, төртінші, яғни әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі бағытында білім сапасын жақсарту жолдарын айтты.
Расында, елдің дамуында білім беру саласы стратегиялық маңызға ие. Ал Президент Жолдауында ауыл мектептеріндегі білім беру саласын жетілдіру қажет екенін баса айтты. Негізгі мәселе ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы екенін атап көрсеткен Президент қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап бара жатқанын да жеткізді. Жасыратыны жоқ, елді мекенде жаратылыстану бағытындағы пәндерге мұғалімдер жетіспейді. Сол себепті «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қарқынды жүзеге асыру керек деп санаймын. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының да сапасын арттыруға күш салған жөн.
Тұңғыш Президент – Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақты қолдау – болашақты қорғау екендігін қаперден шығарған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасының пәрменімен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасы ел жастарына әлемнің үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігін ашып бергені рас. Ендігі мәселе дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына даярлау керек. Мемлекет – оқимын, тоқимын деп талпынған жас азаматтар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Тек білім ғана емес, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуді де басты назарда ұстау керек.
Келесі 2020 жылы мемлекетіміз әлемге әйгілі ғұлама ғалымдар, ұлт ұстаздары әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өткелі отыр. Ұлтты тәрбиелеймін десек, Абайдың өлеңдерімен, шығармаларымен сусындату керек. Себебі Абай мен әл-Фараби шығармаларында адам бойындағы асыл қасиеттер – адамгершілік тәрбиесі, еңбек ету, білім және ғылым, әділеттілік жайлы жазылған. Олардың арада қанша ғасыр өтсе де уақытпен бірге жасауы бұл еңбектердің нағыз өшпес мұра екендігін көрсетеді.
Президенттің халыққа Жолдауындағы бес басты бағыт – алдағы даму жолымыздың негізгі бағдары. Олардың іске асуы мемлекетімізді одан әрі дамыта түсетіні сөзсіз.

Қадиша ОРАЗОВА,
Ақтоған орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі.

Көгершін ауылы,
Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support