Әлеумет

Жәрмеңке биыл да жалғасын табады

Жәрмеңке биыл да жалғасын табады

– Биыл облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өте ме? Өтсе, бұл үшін қай жер белгіленіп отыр?

Күләш ҚАРАКЕЕВА, зейнеткер.

Тараз қаласы.

– Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін 2019 жылдың 19 қазанынан бастап 1 желтоқсанға дейін апта сайын өткізу жоспарланып отыр. Ол Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы № 18 мекен-жайда орналасқан әлеуметтік сауда орталығының (коммуналдық базар) алаңында өтетін болады. Жәрмеңкенің мерзімі ауа райының қолайлылығы мен халықтың сұранысына қарай жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Марс СЕЙДІБАЕВ, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік және экспорт мониторингі бөлімінің басшысы.