Жаңалықтар

«Темір жол-Антитеррор – 2019» оқу-жат тығуы өт ті

«Темір жол-Антитеррор – 2019» оқу-жат тығуы өт ті

Кеше Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Мемлекеттік органдардың темір жол инфрақұрылымы нысандарында терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу барысында теміржол инфрақұрылымы нысандарының терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер пойыздың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді. Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды. Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті. ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі.