Жаңалықтар

Қылқалам құдіреті

Қылқалам құдіреті

Бірде әлеуметтік желіден портрет салатын қылқалам шеберлерін іздеп отырып, тараздық Сұлтанали Жамалбек деген жас суретшінің «Іnstagram»-дағы парақшасынан «Тапсырыс қабылдаймын» деген жарнамасын көзім шалып қалғаны бар. Бастапқыда барлық картиналарын қызықтап қарап шықтым. Тек графикалық портреттер ғана емес, майлы бояумен салған еңбектері де бар екен. Жас суретші – Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің студенті. Бұған дейін «Бабалар мұрасы» атты II халықаралық конкурсына қатысып, үздіктер қатарынан да көрінген екен. Жергілікті «Жамбыл» телеарнасында «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы» бағдарламасына да шақырту алып, өз еңбектерін көпшілікке таныстырыпты. Туындыларының назар аудартатындай ерекшеліктері бар. Ал бояуды пайдаланудағы шеберлігіне, картиналары арқылы көрініс тапқан суретшінің идеясына, «мінезіне» қылқалам шеберлері баға бере жатар.