Әлеумет

Әзірге 14 үй пайдалануға дайын

Әзірге 14 үй пайдалануға дайын

– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінің аяқ жағындағы №15 шағын аудан аумағында салынып жатқан бір үлгідегі үйлердің алғашқы легі қашан пайдалануға беріледі? Жалпы қанша үй салынды? Ғалым НАЛЕКОВ, Тараз қаласының тұрғыны. – Пилоттық жоба аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы 21,93 гектар алқапта 255 бір типті жеке тұрғын үй салу ісін жүзеге асыру мақсатында пайдалану алаңы үш түрлі – 80, 116 және 125 шаршы метрлік көлемдегі үйлердің жобалары әзірленген. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сәйкес олардың 1 шаршы метрлік аумағының құны – 120 мың теңгені құрайды. Бүгінде пайдалануға жалпы 14 үй қабылданды. Оларды тұрғындарға беру жұмыстары басталып, 7 үй бойынша «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ мен сатып алушылар арасында тұрғын үй сатып алу келісімшарттары жасалды. Төлеген БИБОСЫНОВ, Тараз қалалық әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы.