Украинаға басқа елдер де гуманитарлық көмек көрсетуі тиіс - ҚР Президенті
Украинаға басқа елдер де гуманитарлық көмек көрсетуі тиіс - ҚР Президенті
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина президенттерінің екіжақты кездесуін Минскіде болған келіссөздердің басты нәтижесі деп атады.
«Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко арасындағы бүгінгі кездесу бүгінгі келіссөздердің басты негізгі қорытындылары болып табылады. Себебі, олар соғыс басталған 6 айдан бері бір-бірімен жеке кездеспеген, тек БАҚ арқылы ғана тілдескен еді», - деді Н.Назарбаев Минскідегі келіссөздер аяқталған соң қазақстандық журналистерге берген сұхбатында. «Ол жерде ғимараттар, баспаналар бұзылған. Қыс жақындап келеді. Әсіресе, Луганскіде электр желісі, құбырлар желісі бүлінген, адамдары қарапайым заттардың өзіне, оның ішінде дәрі-дәрмек пен азық-түлікке мұқтаж. Сондықтан бұл өңір үшін гуманитарлық көмек қажет. Оған Қазақстан өз үлесін қосуға дайын. Мен гуманитарлық жүктерді жеткізу кезінде бейбітшілік жариялап, дәлізді қамтамасыз етуді және оған Ресей ғана емес, басқа да елдердің қатыстырылуын ұсындым», - деп қорытындылады Н.Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz