Қоғам

Жылыту маусымы 18 қазанда басталады

Жылыту маусымы 18 қазанда басталады

– Бүгінде жер үйде тұратындар от жаға бастады. Ал қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер тұрғындары мұндай мүмкіндікке ие емес. Жалпы, қалаға қашан жылу беріледі? Күлзипа ЖАМПОЗОВА, Тараз қаласының тұрғыны.

– Қазақстан Республикасының азаматтық ғимараттардың электр энергиясын тұтынуы мен жылу сақтауына қатысты нормативтік-техникалық құжаттарының талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес, облыс бойынша жылыту маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының тұрақты +8 С және одан да төмен болуы жағдайына байланысты басталады. Әзірге ауа райының осы шектен аса суытуы байқалмауда. Жалпы, тиісті құқықтық-нормативтік құжаттарға және құрылыс нормаларына сәйкес өңіріміздегі мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарда жылыту маусымының ұзақтығы 164 күнді құрайды. Яғни 18 қазаннан 1 сәуірге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Ал емханаларда, медициналық мекемелерде, интернаттарда, мектепке дейінгі мекемелерде 180 күнге дейін жалғасады. Құдайберген ҚОРҒАНБАЕВ, облыс әкімдігі энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.