- Advertisement -

Мемлекет тік қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері

19

- Advertisement -

2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінде мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» сайты арқылы алудың мүмкіндігі бар. Жуырда азаматтарды осы жаңалықтарды хабардар ету бойынша сабақ өткізілді. Оған облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының құжат қабылдау жөніндегі маманы Нұрдәулет Тұрдалиев қатысып, жеке құрамға LED-экранды пайдалана отырып, визуалды түрде мемлекеттік қызметтер алу жолдарын түсіндірді. Оның айтуынша, жеке құрамның Тараз қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының оқу сыныбында білім алуына да мүмкіндік бар екен.
«Қазақстан-2050» Стратегиясына және 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасына сәйкес, болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтарында тек компьютерлер ғана қалып, келушілер өз беттерінше мемлекеттік қызметтер алуына болады. Нұрбек Өмірбекұлы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жүргізуші куәлігін алу, мемлекеттік нөмірлерді тіркеу, смартфон арқылы қажетті анықтамалар алу бойынша сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, 2008 жылға дейін тіркелген азаматтық хат актілері (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік, және тағы басқа) деректер базасына енгізілуі қажеттігін ескертіп өтті.
Өрт сөндіру қызметінің кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мадина Гарифова өз кезегінде жеке құрамды ҚР ІІМ хатымен және мекемедегі тәртіптің, заңдылықтың сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуы жай-күйімен таныстырды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті
өрт сөндіру қызметінің ішкі және
сыртқы коммуникациялар тобы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support