Жаһан

Қыдырәлі Болманов тұңғыш қазақстандық батарейкалар шығарды

The final spritzer

Қыдырәлі Болманов тұңғыш қазақстандық батарейкалар шығарды

Белгілі өнер жұлдызы әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Balbala батареяларын шығаруды қолға ала бастады. Қуаттандырғыш батареялар аса сапалы болмақ. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы ресми парақшасында хабарлаған. "Тағы бiр жақсы жаңалық, қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi - Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса..." - деп жазады Қ.Болманов. Айта кетейік, «Бал-бала» компаниясы қазақша сөйлейтін қуыршақтар өндірумен айналысады. Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері - қазақ халық фольклорының кейіпкерлері болса, бір бөлігі жан-жануарлар кейпінде бейнеленген.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz