- Advertisement -

Құландық балуан Олимпада жолдамасын иеленді

41

- Advertisement -

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтан қаласында жалауы желбіреген әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен жаһанның кіл таңдаулылары сынға түсіп, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Әлем чемпионатында қазақ балуандарына алтын жүлде бұйырмады.
Елімізде өткен әлем чемпионатында бақ сынағандардың қатарында Т.Рысқұлов ауданының тумасы да бар. Еркін күрестен 97 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түскен жерлесіміз Әлішер Ерғали 2020 жылы Жапония астанасы Токио қаласында өтетін Олимпиадаға жолдаманы иеленді.
Жас пері Әлішер Ерғали бірінші белдесуінде жапониялық жампоз Нао Акагуманы 11:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Бұдан соң ол моңғолиялық балуан Батсул Улзисайханды 10:0 есебімен ұтты. Жерлесіміз жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы ресейлік Абдулрашид Садулаевпен белдесіп, әйгілі қарсыласына есе жіберіп алды. Әлішер қолаға таласта да сәтсіздікке ұшырады. Дегенмен жас балуанның Олимпиада ойындарына жолдама алғанының өзі зор табыс екені сөзсіз. Әлем чемпионатында Әлішер Алматы қаласының атынан сынға түскенін айта кеткен жөн.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support